Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғалым, жазушы Нұрхалық Абдурақынның 50 жылдық мерейтойы мен сегіз кітабының тұсаукесері өтті — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғалым, жазушы Нұрхалық Абдурақынның 50 жылдық мерейтойы мен сегіз кітабының тұсаукесері өтті

2 маусым 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғалым, жазушы Нұрхалық Абдурақынның 50 жылдық мерейтойы мен сегіз кітабының тұсаукесері өтті

Алматы, 1 маусым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, жазушы және аудармашы Нұрхалық Абдурақынның 50 жылдық мерейтойына және жаңадан жарық көрген сегіз кітабының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Нұрхалық Абдурақын – шығыстану ғылымы мен әдебиет саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан белгілі ғалымдардың бірі. Ғалымның 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін жалпы саны 32 кітабы жарық көрген. Оның ішінде шығыстану саласына арналған 22 ғылыми еңбек, аударма бағытындағы 5 кітап және көркем әдебиет жанрындағы 5 туынды бар. Іс-шараға Шығыстану факультетінің деканы Мырзахан Шәріпбайұлы Эгамбердиев, белгілі қытайтанушы ғалымдар – тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек пен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Нәбижан Мұхаметханұлы, Ирантанушы ғалым,  филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей, Қытайтану кафедрасының меңгерушісі доцент Фарида Оразақынқызы, сондай-ақ факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар жиынға Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері мен әдебиет және ғылым саласының көрнекті тұлғалары арнайы шақырылды. Олардың қатарында қоғам қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әлімғазы Дәулетхан, жазушы, публицист және аудармашы Абай Мақараұлы, ақын әрі аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлы, әдебиеттанушы PhD докторы Талдаубек Қаділ және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Гүлия Әлиханқызы болды.  Шараны халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын және аудармашы Саят Қамшыгер жүргізді. Жиынның ашылуында факультет деканы Мырзахан Эгамбердиев мерейтой иесін құттықтап, оның ғылым мен білім беру саласына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Кездесу барысында сөз сөйлеген ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Нұрхалық Абдурақынның ғылыми-зерттеу, педагогикалық және шығармашылық қызметіне жоғары баға беріп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар қатысушылар жаңадан жарық көрген сегіз кітаптың мазмұны мен ғылыми-танымдық маңызына тоқталып, олардың отандық шығыстану ғылымы мен әдеби-рухани кеңістікті дамытудағы орны жөнінде пікір алмасты. Үш сағатқа созылған дөңгелек үстел мазмұнды пікірталас пен тағылымды ойларға ұласып, ғылыми және әдеби қауым өкілдерінің өзара ой бөлісіп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар мерейтой иесін құттықтап, жаңа еңбектерінің оқырман қауымға кеңінен жол тартуына тілектестік білдірді.

Алматы, 1 маусым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, жазушы және аудармашы Нұрхалық Абдурақынның 50 жылдық мерейтойына және жаңадан жарық көрген сегіз кітабының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.     

Нұрхалық Абдурақын – шығыстану ғылымы мен әдебиет саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан белгілі ғалымдардың бірі. Ғалымның 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін жалпы саны 32 кітабы жарық көрген. Оның ішінде шығыстану саласына арналған 22 ғылыми еңбек, аударма бағытындағы 5 кітап және көркем әдебиет жанрындағы 5 туынды бар.

 Іс-шараға Шығыстану факультетінің деканы Мырзахан Шәріпбайұлы Эгамбердиев, белгілі қытайтанушы ғалымдар – тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек пен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Нәбижан Мұхаметханұлы, Ирантанушы ғалым,  филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей, Қытайтану кафедрасының меңгерушісі доцент Фарида Оразақынқызы, сондай-ақ факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар жиынға Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері мен әдебиет және ғылым саласының көрнекті тұлғалары арнайы шақырылды. Олардың қатарында қоғам қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әлімғазы Дәулетхан, жазушы, публицист және аудармашы Абай Мақараұлы, ақын әрі аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлы, әдебиеттанушы PhD докторы Талдаубек Қаділ және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Гүлия Әлиханқызы болды.                                     

 Шараны халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын және аудармашы Саят Қамшыгер жүргізді. Жиынның ашылуында факультет деканы Мырзахан Эгамбердиев мерейтой иесін құттықтап, оның ғылым мен білім беру саласына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Кездесу барысында сөз сөйлеген ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Нұрхалық Абдурақынның ғылыми-зерттеу, педагогикалық және шығармашылық қызметіне жоғары баға беріп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар қатысушылар жаңадан жарық көрген сегіз кітаптың мазмұны мен ғылыми-танымдық маңызына тоқталып, олардың отандық шығыстану ғылымы мен әдеби-рухани кеңістікті дамытудағы орны жөнінде пікір алмасты. Үш сағатқа созылған дөңгелек үстел мазмұнды пікірталас пен тағылымды ойларға ұласып, ғылыми және әдеби қауым өкілдерінің өзара ой бөлісіп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Іс-шара соңында қатысушылар мерейтой иесін құттықтап, жаңа еңбектерінің оқырман қауымға кеңінен жол тартуына тілектестік білдірді.