«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы: Халықаралық деңгейдегі дәріс — ҚазҰУ

91ý

«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы: Халықаралық деңгейдегі дәріс

8 сәуір 2026
«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы: Халықаралық деңгейдегі дәріс

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтіп жатқан «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында География және табиғатты пайдалану факультетінде маңызды кездесу өтті. Картография және геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен Францияның үздік жоғары оқу орындарының бірі — Гренобль Альпі университетінің профессоры Кристиан Сью дәріс оқыды.

Профессордың «In search for (very) slow crustal deformations in the orogens» тақырыбындағы баяндамасы жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын зерттеудегі заманауи геодинамикалық тәсілдерге арналды. Дәріс барысында таулы аймақтардағы литосфералық деформацияларды мониторингтеудің жаңа әдістері мен халықаралық зерттеулердің нәтижелері талқыланды.

Бұл шара — отандық картография мен геоинформатика саласының халықаралық ғылыми кеңістікпен тығыз интеграциялануының айқын көрінісі. Кристиан Сью сияқты халықаралық дәрежедегі сарапшының тәжірибесімен бөлісуі жас ғалымдар мен студенттердің кәсіби таным-көкжиегін кеңейтіп, болашақ бірлескен жобаларға жол ашты.

Әлемдік ғылымның озық өкілдерін қабылдау — факультетіміздің академиялық беделі мен халықаралық байланыстарының жоғары дең