- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Экономика» және «Цифрлық экономика» білім беру бағдарламаларының студенттері Sterling Energy холдингінің мұнай базасында болды
«Экономика» және «Цифрлық экономика» білім беру бағдарламаларының студенттері Sterling Energy холдингінің мұнай базасында болды
2026 жылғы 26–29 мамыр аралығында Экономика кафедрасы «Экономика» және «Цифрлық экономика» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне арналған оқу практикасын ұйымдастырды. Практика аясында студенттер заманауи кәсіпорын қызметімен танысу және теориялық білімдерін нақты кәсіби ортада қолдану мақсатында «STERLING ENERGY» холдингінің құрамына кіретін «MERCURY ENERGY» ЖШС мұнай базасына барды.
Экскурсия барысында білім алушылар кәсіпорынның өндірістік және басқарушылық үдерістерімен, мұнай-газ саласының ерекшеліктерімен, заманауи цифрлық технологиялармен және компанияның инновациялық жобаларымен, соның ішінде автоматтандырылған iON Smart жанармай құю бекеттері желісімен танысты.
Холдингтің қызметі туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі таныстырылымды «STERLING ENERGY» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, Экономика факультетінің PhD докторанты Алмас Қайратұлы Күлібаев өткізді.
Практика студенттердің кәсіпорын қызметін талдау, бизнес-процестерді түсіну, кәсіби ақпаратпен жұмыс істеу, коммуникация және командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Кәсіпорынға жасалған сапар білім алушыларға еңбек нарығының заманауи талаптары, экономиканы цифрландыру перспективалары және таңдаған мамандықтары бойынша кәсіби даму мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсінік берді.
Экономика кафедрасы мазмұнды экскурсия ұйымдастырып, болашақ мамандардың практикалық даярлығына үлес қосқаны үшін «STERLING ENERGY» ЖШС басшылығы мен ұжымына алғыс білдіреді.
Ұйымдастырушылар: Г. Даулиева, Д. Тураров, Ә. Сәрсенова және Ә. Сағынбай.