Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ шығыстану және қытайтану саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ шығыстану және қытайтану саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

2 маусым 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ шығыстану және қытайтану саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

2026 жылғы 1 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының философия докторы (PhD) Нұржан Сапарбаева мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі Константин Барабошкиннің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың бағыттарын, сондай-ақ шығыстану, қытайтану және лингвистикалық зерттеулер салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Әсіресе, докторанттарды бірлесіп даярлау, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және екі университет арасындағы академиялық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар оқу-әдістемелік материалдармен алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдер мен семинарларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, Scopus дерекқорында индекстелетін жетекші халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялау, академиялық ұтқырлықты дамыту және ғылыми кеңес беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі университеттің өкілдері халықаралық академиялық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін бағалады және ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға, білім беру саласындағы әріптестікті дамытуға, сондай-ақ жас ғалымдар мен зерттеушілерді қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.