«ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы» журналы ERIH PLUS халықаралық дерекқорына енгізілдіFarabi University

91ý

«ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы» журналы ERIH PLUS халықаралық дерекқорына енгізілді

17 сәуір 2026
«ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы» журналы ERIH PLUS халықаралық дерекқорына енгізілді

«ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы» журналы ERIH PLUS халықаралық дерекқорына енгізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ҚазҰУХабаршысы. Шығыстану сериясы» ғылыми журналы ERIH PLUS халықаралық дерекқорына енгізілді.

ERIH PLUS – гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағығылыми басылымдарды қамтитын еуропалық халықаралық индекс. Аталғанбаза ғылыми журналдардың ашықтық, рецензиялау және редакциялық сапа стандарттарына сәйкестігін назарға алады.

«Шығыстану сериясының» ERIH PLUS базасына енуі журналдыңғылыми-редакциялық саясатының, жарияланым сапасының жәнехалықаралық академиялық кеңістіктегі танымалдығының өскенін көрсетеді. Бұл жетістік журнал авторлары, рецензенттері, редакциялық алқа мүшелеріжәне жалпы ғылыми қауымдастық үшін маңызды нәтиже болып табылады.

Аталған көрсеткіш журналдың халықаралық көрінуін арттырып, шығыстану, аймақтану, тіл, мәдениет, тарих және халықаралықгуманитарлық зерттеулер бағытындағы ғылыми мақалалардың жаһандықакадемиялық ортада кеңірек таралуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұлқадам отандық ғылыми басылымдардың халықаралық стандарттарғажақындауына және қазақстандық ғылымның беделін нығайтуға ықпал етеді.

Журналдың&Բ;ресми&Բ;сайты: