Студенттер “Youth Innovation Beijing” Challenge Cup 2026 байқауында Қазақстан–Қытай бірлескен зерттеу орталығын таныстырудаFarabi University

91ý

Студенттер “Youth Innovation Beijing” Challenge Cup 2026 байқауында Қазақстан–Қытай бірлескен зерттеу орталығын таныстыруда

20 сәуір 2026
Студенттер “Youth Innovation Beijing” Challenge Cup 2026 байқауында Қазақстан–Қытай бірлескен зерттеу орталығын таныстыруда

Бұған дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу орталығы мен  Бейжің технология және бизнес университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, соның аясында «Қазақстан - Қытай денсаулыққа пайдалы тағамдарды зерттеу орталығы» құрылған болатын. Аталған орталықта бірлескен ғылыми зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізілуде. Халықаралық әріптестіктің нәтижелерінің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті университетінің студенттері Перизат Бүркітбаева мен Амира Төлегенова профессор Ю жетекшілігіндегі студенттермен бірге “Youth Innovation Beijing” 2026 “Challenge Cup” Capital University Students’ Entrepreneurship Plan Competition (International Exchange Track) беделді байқауына қатысуда.

«Мақсатты биотехнология негізінде Юньнань кофесінің дәмдік қасиеттерін жақсарту және өнімдерін әзірлеу» атты жоба университеттік жоба ретінде іріктеліп, талантты жас зерттеушілерден құралған халықаралық команданы біріктіреді. Жоба құрамына Hu Jinghan, Ma Xiaoqian, Буркитбаева Перизат, Li Ziao, Xie Yuhan, Zhang Mianyi, Yuan Mingxin, Sun Yisen, Shi Xiaopeng, Chen Yihan, Li Tong, Амира Төлегенова, Fu Rao, Yu Chuntao және басқа да студенттер кіреді.

Перизат Бүркітбаева мен Амира Төлегенова жобада зерттеу жұмыстарын жүргізуде және халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өткен жөн. Олардың қатысуы Бейжің технология және бизнес университетімен (BTBU) бірлесіп құрылған Қазақстан–Қытай дұрыс тамақтану жөніндегі бірлескен зерттеу орталығының маңызды жетістігі.

Бұл сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық ынтымақтастық пен ғылыми алмасудың нығаюын көрсетеді. Жоба жастардың ғылыми-технологиялық бастамаларын дамытуға және биотехнология мен тағам өнеркәсібі салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге ықпал етеді.