- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер: молекулалық биология және генетика кафедрасының докторанттары диссертациялық жұмыстарын алдын ала қорғаудан сәтті өтті
Әлемдік деңгейдегі ғылыми зерттеулер: молекулалық биология және генетика кафедрасының докторанттары диссертациялық жұмыстарын алдын ала қорғаудан сәтті өтті
2026 жылғы 12 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында докторанттардың диссертациялық жұмыстарын алдын ала қорғауға арналған кафедраның кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында келесі диссертациялық жұмыстар қарастырылып, алдын ала қорғаудан сәтті өтті:
«6D070100 – Биотехнология» білім беру бағдарламасының докторанты Абекова Асимы Оспановнаның диссертациялық жұмысы: «Йодтың координациялық қосылысының ісікке қарсы белсенділігін зерттеу және жаңа дәрілік заттарды әзірлеу
«8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламасының докторанты Такенов Нұрлан Қайратұлының диссертациялық жұмысы: «Қазақстандағы туберкулез қоздырғышы Mycobacterium tuberculosis генотиптерін зерттеу».
Алдын ала қорғау орыс тілінде, Биология және биотехнология факультетінің 322 аудиториясында өткізілді. Диссертациялық зерттеулер Қазақстанның жетекші ғылыми ұйымдары мен шетелдік серіктес орталықтар базасында, соның ішінде Алматы (Қазақстан), Вена (Австрия) және Сямынь (Қытай).қалаларындағы ғылыми және медициналық мекемелерде орындалды.
Отырыс қорытындысы бойынша екі докторант та алдын ала қорғаудан сәтті өтіп, диссертациялық жұмыстарын қорғауға ұсынуға ұсынылды.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы ұсынылған зерттеулердің жоғары ғылыми деңгейін және докторанттарды даярлауда ғылыми кеңесшілер мен рецензенттердің елеулі үлесін атап өтті.
Молекулалық&Բ;биология&Բ;жне&Բ;генетика&Բ;кафедрасы