«Жайылымдық экожүйелерді қалпына келтіру: зерттеу тәжірибелері және заманауи тәсілдер» тақырыбында іс-шара өтті — ҚазҰУ

91ý

«Жайылымдық экожүйелерді қалпына келтіру: зерттеу тәжірибелері және заманауи тәсілдер» тақырыбында іс-шара өтті

19 наурыз 2026
«Жайылымдық экожүйелерді қалпына келтіру: зерттеу тәжірибелері және заманауи тәсілдер» тақырыбында іс-шара өтті

2026 жылғы 19 наурызда ботаника және агроэкология кафедрасында «Жайылымдық экожүйелерді қалпына келтіру: зерттеу тәжірибелері және заманауи тәсілдер» тақырыбында танымдық-ғылыми іс-шара өтті.

Іс-шараны PhD, ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы Құлымбет Қ.Қ. және ботаника және агроэкология кафедрасының оқытушысы Тастанбекова А.А. ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара барысында жайылымдық экожүйелердің қазіргі жағдайы, олардың деградацияға ұшырау себептері, қалпына келтіру жолдары және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, жайылымдық жерлерді зерттеудің далалық тәжірибелері, өсімдік жамылғысын бағалау әдістері, топырақ жағдайын анықтау және экожүйелерді қалпына келтіруде қолданылатын заманауи ғылыми тәсілдер туралы ақпарат берілді.

Аталған тақырып Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 15-мақсатымен тығыз байланысты. ТДМ 15 құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалану, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградациясын тоқтату және биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелерін қамтиды.

Іс-шара барысында студенттер жайылымдық экожүйелерді сақтау мен қалпына келтірудің экологиялық және әлеуметтік маңызын талқылады. Сондай-ақ жер ресурстарын тиімді пайдалану, өсімдік жамылғысын қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бойынша ғылыми көзқарастар ортаға салынды.

Іс-шара соңында студенттер тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Мұндай ғылыми-танымдық кездесулер білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғи экожүйелерді қорғау жөніндегі жауапкершілігін қалыптастыруға және тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға ықпал етеді.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы