«Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным» — ҚазҰУ

91ý

«Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным»

23 маусым 2026
«Қоршаған ортаға антропогендік әсерді бағалау әдістері: геожүйелер, қоғам, білім, мәдениет және дүниетаным»

2026 жылғы 21 маусым мен 2 шілде аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қашықтықтан зондтау технологиялары және олардың қолданылуы жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасында III Халықаралық «Protect Environment – 2026» жазғы мектебі өтуде. Жазғы мектеп жұмысына Шыңжаң университетінің (ҚХР) студенттері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары мен жас зерттеушілері қатысуда.

Жазғы мектептің тақырыбы – «Methods of Assessing the Anthropogenic Impact on the Environment: Geosystems, Society, Education, Culture and Worldview»Бағдарлама қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми білім алмасуға және экологиялық мониторингтің заманауи технологияларын меңгеруге бағытталған.

Мектеп аясында қатысушылар Жерді қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер және ұшқышсыз авиациялық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысуда. Практикалық сабақтар зертхананың заманауи жабдықтарын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен табиғи ортаның жағдайын бақылауға арналған арнайы сенсорларды пайдалану арқылы өткізілуде.

Жазғы мектеп Қазақстан мен Қытайдың студенттері мен оқытушылары арасында тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік береді, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және экологиялық зерттеулер мен тұрақты даму саласындағы халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.