ТДМ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-ӘУҚАТ. ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАУ» — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-ӘУҚАТ. ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАУ»

20 сәуір 2026
ТДМ 3. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-ӘУҚАТ. ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАУ»

20 сәуір 2026 жылы Ботаника және агроэкология кафедрасының куратор-эдвайзері, PhD, доцент м.а. А.Ж. Чилдибаеваның жетекшілігімен «6В05102 – Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс 25-15, 25-16 топ студенттерімен «Денсаулық пен әл-ауқат» ТДМ аясында «Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қолдау» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, аурулардың алдын-алу жолдары туралы ақпарат беру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Кураторлық сағат барысында қатысушыларға жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың себептері мен олардың алдын-алу шаралары туралы мәліметтер берілді. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, жеке бас гигиенасын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту және психологиялық саулықтың маңызы ерекше атап өтілді. Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылып, студенттер өз пікірлерін ортаға салып, денсаулықты нығайтуға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтына байланысты бейнеролик көрсетіліп, түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен танымдық ойындар өткізілді. Кураторлық сағаттың қорытындысында қатысушылар денсаулықтың адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі екендігін түсініп, аурулардың алдын-алу әр адамның өзінен басталатыны жөнінде тұжырым жасады. Іс-шара студенттердің денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, өз денсаулығына саналы көзқарас танытуына және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.

Қорытындылай келе, ашық кураторлық сағат өз мақсатына жетіп, білім алушылардың денсаулықты сақтау мен нығайтуға деген қызығушылығын арттырды және Тұрақты даму мақсаттарының «Денсаулық пен әл-ауқат» бағытын жүзеге асыруға өз үлесін қосты.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы