ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетінің докторанттары Түркияда ғылыми тағылымдамадан өтуде — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетінің докторанттары Түркияда ғылыми тағылымдамадан өтуде

1 шілде 2026
ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетінің докторанттары Түркияда ғылыми тағылымдамадан өтуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары Жазира Базарбаева мен Күндыз Нақысбекова Түркия Республикасындағы Стамбұл Джеррахпаша университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

ылыми тағылымдама докторлық зерттеулерді жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту аясында ұйымдастырылған. Тағылымдаманың ғылыми жетекшісі – Стамбұл Джеррахпаша университетінің профессоры Prof. Dr. Ender Makineci. Ол докторанттарға экологиялық зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және бірлескен халықаралық жарияланымдар дайындау мәселелері бойынша ғылыми кеңес береді.

Тағылымдама барысында докторанттар геоэкология саласындағы озық ғылыми тәсілдермен танысып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып, ғылыми консультацияларға қатысуда. Алынған білім мен тәжірибелік дағдылар докторлық диссертацияларды орындау және алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылатын болады.

Халықаралық ғылыми тағылымдама Қазақстан мен Түркия арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға, жас ғалымдардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернационалдандыру стратегиясын іске асыруға ықпал етеді.