МАТЕ университетінде ғылыми тағылымдама өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 8D05205 – «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Абилганиев Дарын Бакытжанович Венгрияның Дьендьеш (Gyöngyös) қаласында орналасқан MATE (Hungarian University of Agriculture and Life Sciences) университетінің Кáрой Роберт кампусында және Матра қорығы аумағында ғылыми тағылымдамадан сәтті өтіп келді. MATE университетінің Дьендьеш кампусы Матра тауларының етегінде орналасқан және табиғатты қорғау, ауыл шаруашылығы мен тұрақты даму бағытындағы зерттеулерімен танымал.
ылыми тағылымдама барысында докторант табиғи экожүйелерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау, қорғалатын табиғи аумақтарды басқару және геоэкологиялық мониторинг жүргізу салаларындағы халықаралық тәжірибемен танысты. Сонымен қатар Матра қорығында жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қатысып, табиғи кешендерді зерттеудің заманауи әдістерін меңгеріп, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасты.
.jpeg)
Тағылымдама аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Алынған тәжірибе докторанттың диссертациялық зерттеуінің ғылыми деңгейін арттыруға және білім беру бағдарламасының ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Шетелдік ғылыми тағылымдама докторанттардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге және тұрақты даму мен табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы озық тәжірибелерді Қазақстанда енгізуге мүмкіндік береді.