«Үнем – байлықтың бастауы» жазғы экспедиция мен демалыс кезінде қаражатты тиімді жұмсау лайфхактары іс шарасы өткізілді — ҚазҰУ

91ý

«Үнем – байлықтың бастауы» жазғы экспедиция мен демалыс кезінде қаражатты тиімді жұмсау лайфхактары іс шарасы өткізілді

23 мамыр 2026
«Үнем – байлықтың бастауы» жазғы экспедиция мен демалыс кезінде қаражатты тиімді жұмсау лайфхактары іс шарасы өткізілді

2026 жылғы 23 мамырда сағат 11:00-де География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Үнем – байлықтың бастауы: Жазғы экспедиция мен демалыс кезінде қаражатты тиімді жұмсау лайфхактары» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараны География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі Токбергенова А.А. және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қадылбеков М.К. ұйымдастырып, жүргізді.

 

 

Кездесу барысында жазғы далалық экспедициялар мен демалыс кезеңінде жеке бюджетті тиімді жоспарлау, күнделікті шығындарды оңтайландыру, жол жүру, тамақтану және тұру шығындарын үнемдеудің практикалық тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік, күтпеген шығындарға алдын ала дайындық және қаражатты дұрыс басқарудың маңыздылығы жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Іс-шара барысында студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қаражатты үнемдеудің тиімді әдістері туралы пікір алмасты. Қатысушылар қаржылық сауаттылықтың тек оқу барысында ғана емес, болашақ кәсіби қызметте және күнделікті өмірде де маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Аталған іс-шара студенттердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және жазғы экспедициялар мен демалысты тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.