Өзбекстан ғалымдарымен бірлескен ғылыми экспедиция өтті — ҚазҰУ

91ý

Өзбекстан ғалымдарымен бірлескен ғылыми экспедиция өтті

3 шілде 2026
Өзбекстан ғалымдарымен бірлескен ғылыми экспедиция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы 8D05205 – «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары Сарсенбаева Г. мен Әлимұратқызы А. ғылыми тағылымдама аясында Өзбекстандағы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің ғалымдарымен бірлескен ғылыми экспедицияға қатысты.

Экспедиция барысында Алмалық тау-кен металлургия комбинаты (АГМК), №3 Мыс байыту фабрикасы (МОФ-3), сондай-ақ фондық бақылау аумақтарында далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу аясында топырақ пен өсімдік жамылғысынан сынамалар алынып, олардың экологиялық жағдайын кешенді бағалауға арналған материалдар жинақталды.

Аталған зерттеу жұмыстары өндірістік аймақтардың қоршаған ортаға әсерін бағалауға, топырақ пен өсімдік жамылғысының ластану деңгейін анықтауға және геоэкологиялық мониторинг жүргізуге бағытталған. Жиналған сынамалар зертханалық талдаудан өткізіліп, ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын болады.

Бұл экспедиция Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, жас ғалымдардың халықаралық тәжірибе алмасуына және геоэкология саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытуға маңызды үлес қосады.