«Экология» докторантура бағдарламасы Еуропалық халықаралық аккредиттеуге ие болды — ҚазҰУ

91ý

«Экология» докторантура бағдарламасы Еуропалық халықаралық аккредиттеуге ие болды

3 шілде 2026
«Экология» докторантура бағдарламасы Еуропалық халықаралық аккредиттеуге ие болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің «8D05207 – Экология» докторантурасының білім беру бағдарламасы Еуропалық ACQUIN (Accreditation, Certification and Quality Assurance Institute) халықаралық аккредиттеу агенттігінде халықаралық аккредиттеуден сәтті өтіп, бағдарламаның жоғары білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайтын сапа сертификатына ие болды. Сертификатқа сәйкес, аккредиттеу 2034 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды.

Халықаралық аккредиттеуден өту ғылыми кадрларды даярлау деңгейінің жоғарылығын, білім беру процесінің сапасын, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін және кафедра ұжымының тиімді жұмысын халықаралық деңгейде мойындаудың айқын дәлелі болып табылады.

Халықаралық аккредиттеу білім беру бағдарламасын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады:дипломдардың халықаралық деңгейде танылуын және түлектерді даярлау сапасын арттыру; университеттің халықаралық академиялық беделін нығайту; шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты кеңейту; докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту; халықаралық ғылыми жобалар мен гранттарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту; түлектердің ұлттық және халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл жетістік білім беру сапасы мен ғылыми қызметті үздіксіз жетілдіруге бағытталған профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлердің, докторанттардың және факультет басшылығының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады.