Құмбел шыңына студенттік альпиниада өтті — ҚазҰУ

91ý

Құмбел шыңына студенттік альпиниада өтті

29 қыркүйек 2025
Құмбел шыңына студенттік альпиниада өтті

28 қыркүйек күні Дүниежүзілік туризм күніне орай Рекреациялық география және туризм кафедрасы және «Буревестник» альпинистік секциясының еріктілерінің ұйымдастырумен Іле Алатауында орналасқан Құмбел шыңына (3200 м) студенттік альпиниада өтті.

Альпиниадаға кафедра оқытушылары Артемьев А.М., Жумадилов А.Р. Бейсахмет А.А., Әділбай Б.С. жетекшілігімен 70 жуық студент қатысты. Шыңды  бағындырған студенттер «Құмбел-2025» төсбелгісімен марапатталды.

Ұйымдастырылып отырған альпиниада Тұрақты дамудың келесідей мақсаттарына негізделген:

  • 3 – «Жақсы денсаулық және әл ауқат»;
  • 5 – «Сапалы білім беру»;
  • 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау».