Журналистика факультеті
Құрметті достар! Біз сіздердің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне келгендеріңізге қуаныштымыз! Біздің факультет – 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Қазір жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерде және мамандарды дайындау барысында қолданылатын заманауи оқу бағдарламаларына сәйкес журналистика факультеті деп аталады. Факультет құрамында 3 кафедра бар: Баспасөз және электронды БАҚ; ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация; Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер.
Әлеуметтік желілер:
Факультет
Бакалавриат
Бағдарлама баспа және санды баспа өнімдеріне редакторлық өңдеу жасап, басып шығарып және оларды таратуда заманауи технологияларды қолдана алатын болашақ маманның біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру бағдарламасы заманауи медиа (БАҚ, кітап индустриясы, жарнама, маркетинг) саласында шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, дизайнмен және контентпен жұмыс істеу дағдысы бар, тәжірибелік дизайнның жаңа технологияларын меңгерген маман-дизайнерді дайындауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасы мультимедиялық басылымдарды, корпоративтік сәйкестендіруді, креативті дизайнды, жарнамалық материалдарды, веб-сайттарды жобалауды, медиа жобаны компьютерлік визуализациялау әдістері мен тәсілдерін, 2D және 3D модельдеу қыр-сырын меңгеруді, анимацияларды, бейнероликтерді және бейне презентацияларды жасауды, графикалық композицияда, компьютерлік дизайндағы бағдарламалардың заңдылықтарын қолдануды меңгеруге қабілетті маманды кәсіби даярлауға бағытталған.
Бағдарлама шығармашылық шеберлікті қолдана отырып, креативті өнім жасауға қабілетті кино және медиа саласындағы сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағытталған.
цифрлық медиа орта үшін жоғары білікті сценаристерді дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - заманның өзекті тақырыптарын кәсіби жариялауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама студенттердің журналистика мен медиасфераға қажетті терең білімі мен құзіретін қалыптастыруға, сондай-ақ мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын игеруге бағытталған. Түлектер шынайы және өзекті ақпарат жариялай отырып, медиақұрылымдармен тиімді қарым-қатынас орната алады.
Корреспондент, редактор және продюсер ретінде жұмыс істей алатын, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың ақпараттық бөлімдерінде жетекші орын алатын жоғары білікті халықаралық журналистерді даярлау. Бағдарлама білім алушылардың қазіргі заманғы халықаралық мәселелерді терең түсінуін, саяси, іскерлік, әлеуметтік және коммерциялық ақпаратты талдау және түсіндіру дағдыларын, сондай-ақ әртүрлі Көп арналы ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқыту нәтижесінде түлектер әлемдік оқиғалар мен құбылыстарды кәсіби және құзыретті түрде жариялай алады, Халықаралық жобалар үшін мультимедиялық мазмұн жасай алады, болып жатқан оқиғаларға объективті және дәл баға бере алады.
Білім алушыларды білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін қоғаммен байланыс маманы ретінде жұмыс істеу, қоғаммен байланыс (PR) және коммуникацияның озық жетістіктерін, классикалық және цифрлық PR құралдарын қолдана білу, Қазақстан мен шетелдерде PR жобаларын жүзеге асыру дағдыларын түсіну негізінде кәсіби функцияларды орындайтын құзіреттілікті қалыптастыру.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар саласында кәсіби кадрларды сапалы дайындау. Жобалық жұмыста іргелі тұжырымдамаларды қолдана, цифрлық сауаттылық туралы білімді интеграциялай алатын, цифрлық БАҚ-та ақпараттық қолдау мен дамытуда жаңа тәсілін қолдана алатын, цифрлық медиа сектор мен коммуникация салаларында түрлі кәсіпорындарына жоғары кәсіби және талантты кадрларды сапалы даярлау.
Магистратура
Бағдарлама медиа кеңістігі мен жарнаманы жобалаудың заманауи технологияларын жетік білетін, шығармашылық жобаларды басқара алатын, сыни дизайнерлік ойлауға, ғылыми, педагогикалық және зерттеу құзыреттіліктеріне ие дизайнерлік маман даярлауға бағытталған
Баспа жобаларын басқару, мәтіндік, графикалық және мультимедиалық материалды ресімдеу дағдыларын меңгерген баспа менеджменті мен типографиканың салааралық бейіндерінің тоғысында мамандар дайындау.
Бағдарлама медиа-дизайн саласындағы маманның құзыреттіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, медиа ортаны жобалау саласындағы ең жаңа технологияларға ие, өзіндік медиа-тарих пен визуалды бейнелерді жасауға қабілетті.
Жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру саласы үшін кәсіби кадрларды сапалы даярлау, креативті индустрияның ғылыми негіздерін үйренуге қабілеттілігі, өнім мен қызметтің инновациялық нарығының шығармашылық кластерінде іргелі білімді пайдалану, тұрақты даму мақсатында ойлау үлгілерін ықпалдастыру және ілгерілету, сондай-ақ білім экономикасы, мәдениет және цифрлық медиа саласында ерекше траекториясын құрастыру.
ББ мақсаты. "Кино және телережиссура" білім беру бағдарламасының мақсаты – цифрлық орта талаптарына жауап беретін аудиовизуалды туындылар жасаудың ғылыми негіздерін зерделеуге және білім экономикасы, мәдениет және цифрлық медиа саласында бірегей траектория құруға қабілетті аудиовизуалды медиа саласында жоғары білікті және құзыретті мамандарды даярлау.
«Data - журналистика» білім беру бағдарламасының мақсаты цифрлы технологиялар мен журналистикаға арналған жасанды интеллект негіздері дағдысын игерген үлкен деректерді талдау және визуализациялау саласында жоғары білікті масс-медиа мамандарын сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасы деректер журналистикасы саласындағы ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыруға, өзіндік ғылыми зерттеулер контекстінде ақпараттық технологиялар мен бұқаралық коммуникация ғылымдары тоғысында білімді интеграциялауға, компьютерлік лингвистика, деректерді визуализациялау және инфографика бойынша ары қарай білім алу мен ғылыми-зерттеу қызметтерін орындауда бағдарламалар әзірлеуге қабілетті маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары оқу орындарының ғылым және білім беру салаларына журналистика теориясы мен практикасының жетістіктерін жетік түсіндіріп, сондай-ақ сыни бағалайтын кәсіби кадрларды сапалы даярлау; ақпарат жүйесінде зерттеу контексі аясында жаңа идеяларды әзірлеу және қолдану; жаңа және бейтаныс контекстерде кәсіби және өзге де проблемаларды шешу; кәсіби және ғылыми қызметте әлеуметтік, этикалық жауапкершілікті игеру.
Әлемдік диалог және халықаралық коммуникация, халықаралық ақпараттық құқық саласында білімі бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті халықаралық журналист мамандарын даярлау. Түлектер халықаралық журналистика саласындағы ғылыми мәселелерді шешуге, сондай-ақ академиялық ғылым, білім беру саласында жаңа білім алуға; өндірістік міндеттерді кәсіби тілде тұжырымдауға және оларды заманауи технологиялардың көмегімен шешуге қабілетті болады.
Қоғаммен байланыс және жарнамалық жүйелі білім кешенімен, коммуникациялық саладағы ғылыми зерттеу дағдыларымен, педагогикалық қызметті іске асыру қабілеттілігімен, Қазақстанда және шетелде коммуникативтік міндеттерді өз бетінше шеше білетін жоғары білікті магистрлерді дайындау. ОБ аяқталғаннан кейін магистрлер PR-қызметтердің, баспасөз қызметтері мен жарнама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға қатыса алады, коммуникациялық міндеттерді шешуге жүйелі түрде жақындап, жұртшылықпен байланыстың тиімділігін қамтамасыз ете алады.
«Бизнес-коммуникация» білім беру бағдарламасының мақсаты – ақпараттық технологиялар, инновациялық қызметті жобалау, медиақұрылымды әлеуметтік модернизациялау, интеграцияланған цифрлық қызметтер дағдысын игерген бизнес коммуникация саласына жоғары білікті кадрларды сапалы даярлау.
Бағдарламаны игерген түлектер жарнама-ақпараттық, ұйымдастырушы-басқарушылық, жоба-талдамалық және редакторлық міндеттерді атқара отырып, жоғары білім беру саласында кәсіби қызметті жүзеге асыра алады. Бағдарлама түлектерінің кәсіби қызмет объектілері медиа жобалар мен медиа өнімдер болып табылады. Бағдарлама ұйым немесе компания үшін медиатұтынушылар факторын ескере отырып, күн тәртібіне өзекті ақпарат ағындарын өңдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама этномәдени ортада жұмыс істеудің қажетті дағдылары мен құзыреттеріне ие, отандық медиа-сектордағы этникалық мәселелерді кәсіби жарыққа шығаруға және ғылыми талдауға қабілетті, әрі мәдениеттер диалогын қолдау және Қазақстан этносындағы мәдениетаралық әртүрлілікті сақтау контекстінде медиа мамандарды даярлауға бағытталған
Кәсіби шешімдер қабылдау үшін елдегі, өңірдегі медикакоммуникация жүйелерінің дамуы туралы білімді интеграциялауға, сондай-ақ ең үздік шетелдік медиакоммуникация теорияларын практикалық қызметіне қолдануға қабілетті кәсіби кадрларды сапалы даярлау.
Заманауи журналистика парадигмасы негізінде коммуникативтік, жүйелік, интеграциялық әдістер контекстінде ақпараттық қоғам моделін меңгерген медиа саласына бәсекеге қабілетті мамандарды бейіндік бағытта сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты коммуникация саласында терең білімі мен дағдыларды игерген, коммуникациялық процестердің теориялық және практикалық аспектілері туралы іргелі түсініктер мен цифрлы коммуникациялық ортада жұмыс істеу дағдыларын пайдалана алатын жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Жаһандық және халықаралық медиа саласына қатысты ғылыми бағыт бойынша, БАҚ және жоғары білім беру саласында сұранысы жоғары, медиа, ғылым, инновация және білімге интеграция жасауды ескере отырып, оқытылатын пәндерге оқу-әдістемелік құралдарды әзірлей алатын, сондай-ақ медиаконтент жасап, оның таралуын бақылауда ұстайтын, медиаиндустрияның цифрлық трансформациясы болып жатқан кезеңде жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы аудиториямен тиімді байланыс орната алатын ғылым саласындағы мамандарды даярлау.
Докторантура
Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары оқу орындарының ғылым және білім беру салаларына ғылыми-теориялық және әдіснамалық негізі ретінде зерттелетін диссертацияның саласында білім жүйесін құру; дәйекті және негізделген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған зерттеу ғылыми-кешенді процесті жобалауға және іске асыруға; дербес қабілетін жоғары деңгейде таныту, жаңа идеялар мен технологияларға ғылыми және кәсіби тұрақтылықтық көрсету; ғылыми, мәдени, әлеуметтік, педагогикалық, шығармашылық, жарнамалық, ғылыми және әлеуметтік құнды медиажобаларды әзірлеу; ғылыми пікірталастарда өзінің ғылыми пікірін пікірсайыс тілінде дәлелді түрде түсіндіруге, қорғауға қабілетті білікті мамандарды сапалы даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты медиаиндустрия, бұқаралық коммуникация саласында әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, медианың феномені мен коммуникация құралдарының ерекшеліктерін зерттеуге, медиакомпаниялар мен жобаларды талдауға, медиажобаларды монетизациялау стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруға; кросс-медиа, транс-медиа заманауи ортада жұмыс істеуге, журналистік, басқару, продюсерлік, техникалық және технологиялық дағдыларды кәсіби үйлестіруге қабілетті жоғары білікті кадрларды сапалы даярлау болып табылады.
Халықаралық журналистика саласында бәсекеге қабілетті және даму әлеуеті бар, коммуникациялық және аралас салаларда шешімдер табуға, халықаралық медиа жобалар мен педагогикалық тәжірибені басқаруды жүзеге асыруға қабілетті философия докторларын (PhD) дайындау. Философия докторлары (PhD) ББ аяқталғаннан кейін Халықаралық медиа, халықаралық қорлар мен корпорацияларда, мемлекеттік қызметте құрылым басшылары, ҒЗИ зерттеушілері, жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істей алады.
Қоғаммен байланыс саласында бәсекеге қабілетті, өз ғылыми көзқарастарын қорғай отырып, салалық зерттеулер жүргізуге, ЖОО-да сабақ беруге, мемлекет пен қоғамның қажеттіліктеріне негізделген коммуникациялар нарығын кешенді дамыту үшін PR-құрылымдарды басқаруғакәсіби білімі жететін және әлеуеті жоғары философия докторларын (PhD) даярлау.
Білім беру бағдарламалары
