Көркем аудармадағы лингвомәдени лакуналарды бейімдеу мәселелері бойынша ғылыми семинар өтті — ҚазҰУ

91ý

Көркем аудармадағы лингвомәдени лакуналарды бейімдеу мәселелері бойынша ғылыми семинар өтті

6 ақпан 2026
Көркем аудармадағы лингвомәдени лакуналарды бейімдеу мәселелері бойынша ғылыми семинар өтті

Қазіргі әдебиеттану мен аударматану ғылымында көркем мәтіндегі ұлттық-мәдени мазмұнды өзге тілге мейлінше дәл әрі табиғи жеткізу мәселесі өзектілігін күшейтіп отыр. Осы бағыттағы ғылыми ізденістердің маңызын ескере отырып, қытайтану кафедрасының 2 курс докторанты Катбаева Гульмира ағымдағы жылдың 5 ақпан күні «КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЛАКУНАЛАРДЫ БЕЙІМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты көркем аудармадағы мәдени маркерлерді сақтаудың тетіктерін талдап, ұлттық болмысты жеткізудегі тілдік және прагматикалық шешімдердің тиімділігін саралау болды.

Докторанттың ғылыми семинарына факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қайранбаев Н.С., қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Ф., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD., аға оқытушы Мадиев Д.А., кафедра меңгерушісінің оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD., аға оқытушы Керімбаев Е.А., ғылыми жетекші қауымдастырылған профессор Дәулет Ф.Н., сондай-ақ кафедра оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара барысында М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы ұлттық-мәдени бірліктердің басқа тілге берілу ерекшеліктері, мағыналық дәлдік пен көркемдік тұтастықты қатар ұстаудағы күрделі тұстар, балама таңдауда туындайтын шектеулер және мәдениетаралық коммуникациядағы ықтимал түсінбеушіліктер кеңінен қарастырылды. Сонымен бірге аудармашының қолданатын бейімдеу стратегиялары, лингвомәдени лакуналарды толтыру жолдары, түсіндірмелік тәсілдердің орындылығы, сондай-ақ қазақ әдебиетін халықаралық кеңістікте танытудың ғылыми-әдістемелік қырлары талқыланып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.