- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4: Сапалы білім беру – ауқымды, әділетті және өмір бойы білім алуды қамтамасыз ету ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ БІШКЕК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ІССАПАРЫ
ТДМ 4: Сапалы білім беру – ауқымды, әділетті және өмір бойы білім алуды қамтамасыз ету ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ БІШКЕК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ІССАПАРЫ
Тұрақты даму мақсаттарының ішінде ТДМ 4 – сапалы білім беру бағыты аясында халықаралық академиялық ұтқырлықты дамыту, білім алмасу және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізу ерекше маңызға ие. Осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті Компьютерлік ғылымдар кафедрасының ассистент-профессоры Мадьярова Гульнар Атыханқызы 2026 жылғы 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында орналасқан университет филиалында халықаралық академиялық іссапармен болып қайтты.

Аталған іссапардың негізгі мақсаты – шетелдік филиалда оқытушылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ «Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және жетілдіру болды. Іссапар барысында оқытушы «Бұзу және енуге арналған этикалық тестілеу» (Ethical Hacking) пәні бойынша кешенді оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізді.
Оқу бағдарламасына сәйкес теориялық дәрістер оқылып, тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтар барысында студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған заманауи оқыту әдістері мен цифрлық құралдар қолданылды. Сонымен қатар, білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдету және практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында жеке және топтық кеңестер өткізілді.

Оқу үдерісі аясында студенттердің білім жетістіктерін бағалаудың барлық кезеңдері қамтылды. Атап айтқанда, ағымдық бақылау, аралық бақылау және қорытынды аттестация талапқа сай жүргізілді. Қорытынды емтихан нәтижелері білім алушылардың пәнді меңгеру деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Барлық сабақтар университеттің академиялық саясаты мен бекітілген оқу кестесіне толық сәйкес ұйымдастырылды.
Сабақ барысында студенттердің пәнге деген жоғары қызығушылығын, белсенділігін және кәсіби даму бағытындағы ынтасын ерекше атап өтуге болады. Бұл өз кезегінде оқу үдерісінің тиімділігі мен сапасын арттыруға оң әсерін тигізді.

Академиялық іссапар нәтижесінде халықаралық білім беру кеңістігіндегі ынтымақтастық байланыстар нығайып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Әсіресе, киберқауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік және этикалық тестілеу салаларындағы білім беру мазмұнын жетілдіру бағытында құнды тәжірибе жинақталды. Сонымен қатар, заманауи IT-білім беру үрдістерін енгізу мен оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.
Нтижесінде, мұндай халықаралық академиялық іссапарлар жоғары білім беру сапасын арттыруға, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге және еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға зор үлес қосады. Бұл өз кезегінде ТДМ 4 мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.