- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кәсіпке алғашқы қадам: “6В02304 - Аударма ісі (батыс тілдері)” БББ 1 курс студенттерінің синхронды аудармашы, жұмыс беруші А.Ержанмен кездесуі»
«Кәсіпке алғашқы қадам: “6В02304 - Аударма ісі (батыс тілдері)” БББ 1 курс студенттерінің синхронды аудармашы, жұмыс беруші А.Ержанмен кездесуі»
Кафедраның бейімдеу және кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында 02.04.2026 ж. “6В02304 - Аударма ісі (батыс тілдері)” БББ 1 курс студенттері синхронды аудармашы әрі жұмыс беруші А. Ержанмен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – бірінші курс студенттерінде аудармашы мамандығы туралы тұтас түсінік қалыптастыру, оның қазіргі талаптары мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін таныстыру болды. Кездесу барысында спикер өзінің кәсіби қалыптасу жолымен бөлісіп, синхронды аударманың ерекшеліктері, халықаралық ортада жұмыс істеу спецификасы және табысты мансап үшін қажетті дағдылар туралы баяндады.
Кездесуде ерте кәсіби даму, практиканың маңыздылығы, тілдік құзыреттерді үнемі жетілдіру және синхронды аудармашы үшін маңызды қасиет – стрессқа төзімділікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ спикер өзінің кәсіби тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, студенттердің аудармашылық қызметтің нақты жағдайларын жақсырақ түсінуіне мүмкіндік жасады.
Ашық диалог форматында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мансаптық мүмкіндіктерді талқылап, жеке білім беру және кәсіби траекторияны қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Іс-шара студенттердің кәсіби дамуға деген мотивациясын арттыруға, университет пен кәсіби қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті және ТДМ 4: Сапалы білім аясында жүзеге асырылды, сондай-ақ ТДМ 8: Лайықты еңбек және экономикалық өсу және ТДМ 17: Тұрақты даму үшін серіктестік мақсаттарына үлес қосады.
Аймағамбетова М.М., Әнуарбекова Ж.М.
шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы