«Жеке деректердің қауіпсіздігі – психологиялық тұрақтылықтың негізгі факторы» — ҚазҰУ

91ý

«Жеке деректердің қауіпсіздігі – психологиялық тұрақтылықтың негізгі факторы»

17 сәуір 2026
«Жеке деректердің қауіпсіздігі – психологиялық тұрақтылықтың негізгі факторы»

ПФНжКФ кафедрасында PhD, ассистент-профессор Кенжебекова А.И. мен аға оқытушы Үсенхан С.С. жетекшілігімен 7M05315 – «Плазма физикасы» білім беру бағдарламасының магистранттары Биболатова Ж.С. және Дүйсенбаева Ш.М. ұйымдастыруымен «6B05302 – Киберфизика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Жеке деректердің қауіпсіздігі – психологиялық тұрақтылықтың негізгі факторы» тақырыбында тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру, жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздіктің психологиялық тұрақтылыққа әсерін түсіндіру болды. Сонымен қатар, қазіргі цифрлық ортада кездесетін киберқауіптер мен әлеуметтік желілердің психологиялық әсері талқыланды.

Бұл бағыт Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен цифрлық қауіпсіздік пен ақпараттық мәдениетті дамыту қажеттілігімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы өз жолдауларында қазіргі қоғамда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың дербес деректерін қорғау және жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру стратегиялық маңызға ие екенін бірнеше рет атап өткен.

Іс-шара барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, студенттер жеке деректердің қорғалуы, кибербуллинг және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық мәселелерін талқылады. Қатысушылар нақты мысалдар арқылы қауіптердің алдын алу жолдарын ұсынып, өз ойларын еркін жеткізді.

Сонымен қатар, «Жасанды интеллект адамды алмастыра ала ма?» тақырыбында дебат өткізіліп, студенттердің сыни ойлау және аргументация дағдылары дамытылды. Бұл бөлімде технологиялардың қоғамдағы рөлі жан-жақты қарастырылып, әртүрлі көзқарастар сараланды.

Genially платформасы негізінде ұйымдастырылған интеллектуалдық ойын студенттердің цифрлық сауаттылығын, логикалық ойлау қабілетін және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етті. Қатысушылар белсенділік танытып, білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білді.

Қорытындылай келе, іс-шара студенттердің ақпараттық қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, олардың психологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталды. Бұл бастама сапалы білім беру мен цифрлық мәдениетті қалыптастыруға негізделіп, қазіргі заман талаптарына сай бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді.