Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қытай тілінің үздік жас аудармашылары анықталды
2026 жылғы 29 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің базасында «6B02302 – Аударма ісі (қытай тілі)» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Іс-шараны Қытайтану кафедрасы талантты жастарды қолдау, шығыс тілдерін меңгеру дағдыларын жетілдіру және болашақ мамандардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі танытуына платформа жасау мақсатында ұйымдастырды. Зияткерлік сайысқа еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан (атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ) қытай тілін оқитын 2–4 курс аралығындағы 15 үздік студент қатысты.
Қатысушылардың білімін Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ жанындағы Конфуций институтының директоры, ф.ғ.к., профессор Қалибекұлы Толқын төрағалық еткен сарапшылар комиссиясы бағалады. Төрағаның орынбасары ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Дэн Хун ханым қатысты.
Олимпиада екі турдан тұрды:
-
Бірінші тур: Мәтінді жазбаша аудару.
-
Екінші тур: Ауызша аударма (ілеспе аударма).
Екі турдың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
-
ҚР ҒЖБМ І дәрежелі дипломы:
-
Маратқызы Данэля (3-курс, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Жетекшісі: Байрам Әсел.
-
-
ҚР ҒЖБМ ІІ дәрежелі дипломдары:
-
Тойжан Балнұр Айдарханқызы (2-курс, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Жетекшісі: Қойбакова Айжан.
-
Ержанов Рауан Ержанович (4-курс, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ). Жетекшісі: Сабигазина С.
-
-
ҚР ҒЖБМ ІІІ дәрежелі дипломдары:
-
Аман Аружан (4-курс, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ). Жетекшісі: Джельдыбаева Р.Б.
-
Сағат Аяулым Болатжанқызы (3-курс, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ). Жетекшісі: Тұрсынәлі Ж.
-
Отарбай Аяжан Муратқызы (3-курс, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ). Жетекшісі: Джельдыбаева Р.Б.
-
Ұйымдастырушылар студенттердің дайындық деңгейінің жоғарылығын және аударма барысындағы прагматикалық әрі мәдени қиындықтарды еңсере білу қабілеттерін атап өтті. Олимпиаданың жыл сайын өткізілуі Қазақстанның қытайтану мектебінің жоғары мәртебесін айқындап, университеттер арасындағы академиялық байланысты нығайта түспек.
Басқа жаңалықтар