Шетелдік магистранттардың алдын ала қорғауы ұйымдастырылдыFarabi University

91ý

Шетелдік магистранттардың алдын ала қорғауы ұйымдастырылды

5 мамыр 2026
Шетелдік магистранттардың алдын ала қорғауы ұйымдастырылды

ТДМ-4 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында магистранттардың алдын ала қорғау кезеңі өтті. Іс-шара барысында білім алушылар өз ғылыми зерттеулерін таныстырып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Алдын ала қорғауға 7М03220 – Журналистика білім беру бағдарламасы бойынша 20 магистрант, 7М03222 – Коммуникация бағдарламасы бойынша 18 магистрант, сондай-ақ 7М03214 – Бизнес-коммуникация бағдарламасы бойынша 1 магистрант қатысты.

Айта кету керек, магистранттардың барлығы – шетелдік студенттер. Олар Африка елдері мен Қытайдан келіп, университетте білім алуда.

Іс-шара магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін бағалауға және олардың қорытынды қорғауға дайындығын анықтауға мүмкіндік берді. Комиссия мүшелері ұсынылған зерттеулердің өзектілігі мен сапасына оң баға беріп, бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Алдын ала қорғау магистранттардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және ғылыми ізденістерін жетілдіруге ықпал етеді.