«Шөлейттенуді шешу жолдары» тақырыбында танымдық сабақ өтті
2026 жылдың 7 мамырында ботаника және агроэкология кафедрасының ұйымдастыруымен «Шөлейттенуді шешу жолдары» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Іс-шараны Құлымбет Қ.Қ. – PhD, ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы және Чилдибаева А.Ж. – PhD, ботаника және агроэкология кафедрасының доцент м.а. жүргізді.
Сабақ барысында студенттерге шөлейттену процесінің негізгі себептері, оның табиғи экожүйелерге, топырақ жамылғысына, өсімдіктер қауымдастығына және ауыл шаруашылығы жерлеріне тигізетін әсері түсіндірілді. Сонымен қатар жердің деградациясын төмендету, жайылымдық аумақтарды ұтымды пайдалану, өсімдік жамылғысын қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау жолдары қарастырылды.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаты 15 – құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалану, ормандарды тиімді басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградациясын тоқтату және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған мақсаттармен тікелей байланысты болды.
Сабақ барысында студенттер шөлейттенудің алдын алу шаралары, экологиялық мониторинг жүргізу, жер ресурстарын тиімді басқару және табиғи экожүйелерді қалпына келтірудің заманауи тәсілдері туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатты қорғау бағытындағы ғылыми-тәжірибелік білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар