Таза болса қалам, боламын мен де аман
026 жылғы 26 мамыр күні Ботаника және агроэкология кафедрасында куратор-эдвайзер, PhD, аға оқытушы Ж.А. Абдукадированың жетекшілігімен «6В05102 – Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс 25-17, 25-18 топ студенттерімен « Таза болса қалам, боламын мен де аман» тақырыбында ТМД 6 «Жер экожүйесін сақтау» аясында ашық кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шарада Қазақстанның жер үсті экожүйелерін, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, биоресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Тазалық – тек сыртқы орта ғана емес, адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігін де көрсететін маңызды құндылық екені айтылды. Оқу орындарында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, аудитория мен ортақ кеңістікті таза ұстау, қоқысты дұрыс тастау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі аталып өтті.
Сонымен қатар, жастардың табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаны ластамау, су мен ауаны таза сақтау, жасыл аймақтарды көбейту – әрбір азаматтың борышы екені айтылды.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар