«Спорт менеджменті» жазғы мектебі өтеді
13 қыркүйек 2023
2023 жылғы 14-27 тамыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы, Фридрих Шиллер атындағы Йена университетімен (Германия) бірлесіп DAAD жобасы бойынша «Спорт менеджменті» жазғы мектебін өткізеді. Іс-шара спорт экономикасы, сондай-ақ спорттық менеджмент және маркетинг саласындағы білімнің өзекті мәселелеріне арналған.
«Спорт менеджменті» жазғы мектебі аясында спорт экономикасы және спорттық менеджмент (спорттық маркетингті қоса алғанда) бойынша ғылыми-теориялық және қолданбалы білім беріледі. Бұл мамандандыру әдетте спорттың жекелеген салаларында экономика мен бизнесті басқару құралдарын қолдануға бағытталған.
Дәрістерден басқа, жазғы мектеп өзінің шетелдік қатысушыларына қызықты ілеспе мәдени бағдарламаны ұсынады. Оның мақсаты – қатысушыларды неміс мәдениеті және өмір салтымен, сондай-ақ Германия мен Қазақстандағы оқыту мен зерттеу үдерісімен таныстыру.
Жазғы мектептің оқытушылары – спорт менеджменті және спорт экономикасы саласындағы жетекші мамандары – неміс университеттерінің ғалымдары:
1. Франк Дауманн (Фридрих Шиллер атындағы Йена университеті)
2. Норберт Шютте (Иоганн Гутенберг университеті, Майнц)
3. Маркус Бройер (Гейдельберг қолданбалы ғылымдар университеті SRH)
4. Бенедикт Рёммельт (Гейдельберг университеті SRH)
Жазғы мектептің координаторы – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары М.И.Әділжанова.
Барлық дәрістер, сабақтар мен іс-шаралар ағылшын тілінде өткізіледі. Жазғы мектепке қатысу тегін.
Басқа хабарландырулар
15 мамыр 2026