ҚазҰУ Қытайда ғылыми-инновациялық жобаларын таныстырадыFarabi University

91ý

ҚазҰУ Қытайда ғылыми-инновациялық жобаларын таныстырады

26 қаңтар 2024

ҚазҰУ Қытайда ғылыми-инновациялық жобаларын таныстырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытай Халық Республикасы Білім министрлігінің арнайы шақыртуымен  Үрімжі қаласында халықаралық ғылыми-инновациялық көрме өткізеді.
Ауқымды шараға Қазақстан тарапынан ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі  Дархан  Ахмед-Заки, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев және 30-ға жуық ҚазҰУ ғалымдары қатысып, университеттің  30 ғылыми-инновациялық жобасын таныстырады.