«Тұрақты дамуға көшу жағдайындағы Қазақстанның мемлекеттік экологиялық саясаты» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтедіFarabi University

91ý

«Тұрақты дамуға көшу жағдайындағы Қазақстанның мемлекеттік экологиялық саясаты» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

5 наурыз 2024

«Тұрақты дамуға көшу жағдайындағы Қазақстанның мемлекеттік экологиялық саясаты» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Жұмагелді Сәкенұлы Елюбаевтың 70 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу жағдайындағы мемлекеттік экологиялық саясаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияны ұйымдастырушы: заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы.

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Кітапхана, 409 дәрісхана.
Күні мен уақыты: 05 наурыз 2024 жыл, сағат 11.00-де.