Химия және химиялық технологиялар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультеті– химиялық бағыттағы білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде жетекші орынға ие болып отырған Қазақстанның жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Қазіргі уақытта факультетте 1500-ден астам студент 21 мамандық бойынша үш деңгейде білім алуда. Индустрия мен ғылым саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін, барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жаңғыртылып отырады, сондай-ақ бұл бағдарламалар ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитацияланған.
Әлеуметтік желілер:
Факультет
Кафедралар
Бакалавриат
Білім беру бағдарламасы келесі бағыттар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие теориялық және қолданбалы химия саласындағы мәселелерді тиімді шешуге қабілетті білікті мамандарды даярлауға бағытталған: инновациялық зерттеулер; химиялық өнімдерді талдау және бақылау; перспективалық химиялық материалдарды жасау, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін химиялық заттарды алу технологияларын жетілдіру.
Химия және физика ғылымдарының жетістіктерін ескере отырып, құрылымның наноөлшемді ұйымдастырылған жаңа буынының функционалды материалдарын жасау және дамыту үшін мамандарды сапалы даярлау.
Химиялық сараптама және химиялық өнімдер өндірісінің сапасын бақылау және басқа да сабақтас салалар, аналитикалық, экологиялық, сертификаттау қызметтерінің ғылыми-өндірістік зертханалары бойынша бакалаврларды дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – терең теориялық білімі бар, өнеркәсіптік мұнай-химия өндірісінің барлық кезеңдерін ұйымдастыру мен жүргізудің заманауи әдістері мен стратегияларын жасауға қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау.
Химия, мұнай-химия, фармацевтика, тамақ және өнеркәсіптің басқа да аралас салаларының өнімдерін өндіру салалары, аналитикалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханалары үшін сапалы бакалавларды дайындау.
Білім бағдарламасының мақсаты органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында жалпы қабылданған заңдар мен химияның іргелі бөлімдерінің теориясы, сондай-ақ органикалық заттар мен материалдарды жасаудың бар және дәлелденген технологиялары негізінде кәсіби мәселелерді шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында сұранысқа ие фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы және жан-жақты даярлау. Білім беру бағдарламасы сыни ойлау қабілеті бар, фармацевтикалық өндіріске жаңа, сондай-ақ дәрілік препараттарды дайындаудың қазіргі технологияларын әзірлеу, жобалау және енгізу үшін кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге қабілетті маманның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Тағам өнеркәсібі үшін тағам өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен сүйемелдеу, өнімдер мен шикізаттың химиялық құрамын талдау, жартылай және толық дайын тағам өнімдерін қайта өңдеудің, консервілеудің, сақтаудың және орап-қаптаудың заманауи тәсілдерін әзірлеу құзіреттеріне ие мамандарды дайындау.
Магистратура
Химия және педагогика саласында кең іргелі білімі бар, заманауи білім беру технологияларын меңгерген, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласында басқарушылық қызметке қабілетті магистрлерді даярлау.
Қазіргі заманғы химиялық білім беру, теориялық химия және химия өнеркәсібі саласындағы ғылыми-зерттеу және қолданбалы міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа білімді дамыту үшін жеткілікті кәсіби біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды даярлау. Магистратура келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыра алады: - орта, кәсіптік және жоғары білім салаларында; - заманауи химияның түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; - химия өнімдері мен материалдардың жаңа түрлерін жасау, химия және басқа да тиісті салалардағы нарықтың, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне сәйкес жаңа жетістіктерге негізделген жаңа химиялық және технологиялық процестердің жақсарту және дамыту; - шикізат пен химиялық өнімдердің сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау әдістерін жетілдіру және дамыту.
Қазіргі заманғы теориялық химия және химия өнеркәсібі саласындағы ғылыми-зерттеу және қолданбалы міндеттерді тиімді шешу үшін жаңа білімді дамыту үшін жеткілікті кәсіби біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды даярлау. Магистратура келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыра алады: - заманауи химияның түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; - химия өнімдері мен материалдардың жаңа түрлерін жасау, химия және басқа да тиісті салалардағы нарықтың, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне сәйкес жаңа жетістіктерге негізделген жаңа химиялық және технологиялық процестердің жақсарту және дамыту; - шикізат пен химиялық өнімдердің сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау әдістерін жетілдіру және дамыту; - орта, кәсіптік және жоғары білім салаларында.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - жану және жарылыс, физикалық және химиялық инженерия, материалтану және нанотехнологиялармен байланысты химиялық физика саласындағы теориялық және қолданбалы есептерді шешу үшін кәсіби құзіреттілігі бар магистрлерді даярлау. Бағдарлама кәсіби қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған: - химиялық физика, химиялық реакциялардың физикалық теориясы және химиялық құрылымдардың динамикасын зерттеуге арналған эксперименталды әдістер саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді бағалау; - қазіргі заманғы химиялық физиканың, нанотехнологияның және басқа пәнаралық салалардағы негізгі принциптері мен әдістерін дәлелдеу; - қазіргі заманғы химиялық физиканың, нанотехнологияның және басқа пәнаралық салалардағы негізгі принциптері мен әдістерін дәлелдеу; - төтенше жағдайларда - электрлік және магниттік өрістерде, статикалық және динамикалық сығылу жағдайында, лазерлік сәулелену өрістерінде, плазмада және гравитациялық өрістерде, ультра жоғары және өте төмен температураларда заттардың және құрылымдық-фазалық ауысулардың күйін талдау; - химиялық физика саласында ғылыми және қолданбалы зерттеулерді дербес жүргізеді және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық практикада қолдану және кәсіби мәселелерді шешуге арналған практикалық ұсыныстар әзірлейді.
Магистратурада оқытудың мақсаты - химиялық материалтану саласында іргелі және практикалық білімге иеленген, өндіріс мәселелерін шешуге құзыретті, сонымен қатар ғылым мен білім беру саласында басқару қызметін атқаруға қабілетті жоғары білікті мамандарды сапалы түрде даярлау. Бағдарлама мамандарды қалыптастыруға бағытталған.: - химиялық материалдарды талдау және диагностикалау әдістемесін жетілдіру; - химиялық материалдардың физика-химиялық сипаттамаларын бағалау және мақсатты түрде өзгерту; - озық заманауи білім беру технологияларын енгізумен педагогикалық қызметпен айналысу; - берілген қасиеттері бар жаңа материалдарды алу технологиясын жасау.
ББ мақсаты: жану және жарылыс процестеріне, физика-химиялық инженерияға, материалтану және нанотехнологияларға байланысты химиялық физика саласындағы теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу үшін кәсіби құзыреттілігі бар мамандарды дайындау.
Бағдарлама мұнайхимия және мұнай өңдеу технологиялары саласында тереңдетілген арнаулы және іргелі білімді игерген, көмірсутек шикізатын өңдеудің жаңа заманауи технологияларын әзірлеуге және енгізуге қабілетті жаңа буынның кәсіби кадрларын қалыптастыруға бағытталған.
Өндірістік процестерді басқару, заттар мен материалдарды алу әдістерін, ережелері мен технологияларын жетілдіру және әзірлеу құзыретттіліктерге ие, химиялық инженерия мен өнеркәсіптің әртүрлі салаларына, сондай-ақ орта, кәсіптік және жоғары оқу орындарына арналған мамандарды даярлау.
Энергияны көп қажет ететін материалдарды жасау және олардың технологиясын жетілдіру саласындағы теориялық және қолданбалы міндеттерді шешу үшін кәсіби құзыреттілігі бар магистрлерді даярлау, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыруға, жану, детонация және жарылыс саласындағы эксперименттерді жоспарлау және болжау үшін модельдеу процестерін қолдануға қабілетті кәсіби тұлғаны қалыптастыру.
Бағдарлама химия, металлургия, агрохимиялық салалар, өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласында терең және іргелі білімі бар, бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру процестерін басқаратын, сондай-ақ заманауи білім беру әдістемелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Органикалық заттарды, дәрілік заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеудің химиялық процестерін ғылыми талдау және болжау негіздерін, сондай-ақ осы бағыт бойынша пәндерді оқыту әдістемелерін меңгерген, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін үздік әлемдік нәтижелермен салыстырғанда өзбетінше жүргізуге қабілетті органикалық заттар мен материалдарды өндірудің химиялық технологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
Бағдарлама төмендегідей қасиеттерге ие білікті кадрлардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған: - наноматериалдарды, нанотехнологиялық процестерді және нанотехнологиялық жабдықтарды кешенді қолдану негізінде әртүрлі функционалдық мақсаттарда бар өнімдерді жетілдіру және жаңаларды жобалау саласында қазіргі заманғы ғылыми білімдерін түсіну және қорытындылау; - алдын-ала берілген қасиеттері бар наноқұрылымдарды синтездеудің әр түрлі әдістерінің мүмкіндіктерін талдау; - заттардың және материалдардың наноөлшемді күйге ауысу кезіндегі қасиеттерін ғылымның қазіргі заманғы идеяларын тәжірибеде қолдану; - наноматериалдар мен нанотехнологиялар бағытында өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
«7M07122 Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасының мақсаты - нанотехнология және наноинженерия саласында жоғары сапалы дайындық, нанотехнологиялық процестер негізінде әртүрлі функционалды мақсаттар үшін, жаңа және қолданыстағы материалдар мен бұйымдарды жобалау және жетілдіру саласындағы заманауи ғылыми білімді түсіндіре және жалпылай алатын кадрларды сапалы дайындау.
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу саласында мұнай өнеркәсібін тұрақты дамыту, мұнай беруді арттыру және мұнай технологияларын жетілдіру үшін қазіргі заманғы теориялар мен зерттеу әдістерін қолдануға қабілетті магистрлерді дайындау. - мұнай-газ өндіру және мұнай мен газ тасымалдаудың жаңа инновациялық технологиялық процестері мен жабдықтарын құрастыруға және әзірлеуге қабілетті. - жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізу кезінде ықтимал инновациялық тәуекелділікті талдау. - жабдықты пайдалану және қызмет көрсету технологиясын жетілдіру
Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және техникалық қызмет көрсету саласында мұнай өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін заманауи теориялар мен зерттеу әдістерін қолдана алатын, мұнай өндіруді арттыру және мұнай технологияларын жетілдіру саласындағы магистрлерді дайындау .
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында сұранысқа ие фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көп жақты сапалы даярлау. Білім беру бағдарламасы жүйелі ойлау қабілеті бар, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әзірлеу, өндіру және тіркеу, сапаны бақылау және қамтамасыз ету, маркетингтік қызмет, стратегиялық жоспарлау, фармацевтика саласы кәсіпорындарының инновациялық дамуы, жеке және ұжымдық іс-қимылдардың тиісті стратегияларын әзірлеу үшін кәсіби құзыреттерді жетілдіруге қабілетті маманның жеке басын қалыптастыруға бағытталған.
Докторантура
химия ғылымы мен өнеркәсібінің қазіргі заманғы мәселелерін талдауға және шешуге қабілетті химиялық процестерді, заттар мен материалдарды зерттеудің негізгі әдістері бойынша іргелі білім мен дағдылар кешені бар химия саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Мұнайхимиясы мен мұнай өңдеу аймағында жаңа идеяларды генерациялайтын және бағалайтын, критикалық талдауға қабілетті, өзбетінше ғылыми зерттеу жүргізетін жүйелік білімі мен практикалық дағдысы қалыптасқан кәсібижоғары PhD докторларды дайындау. Бағдарлама маманның кәсіби қалыптасуына бағытталған: - мұнай және мұнайлы шикізатты өңдеуге кешенді заманауи әдіснаманың негізі принциптерін қолдануды негіздеу. - диссертациялық жұмысты орындау кезінде қажетті зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми зерттеудің міндеті мен мәселесін жүйелеу және интерпретациялау. - мұнайхимиясы мен мұнайхимиялық синтез аймағында заманауи инновациялық технология негізінде ғылыми зерттеулерді өзбетінше жүргізуге кешенді әдіснамаларды жүзеге асыру. - мұнайхимиясы мен мұнай өңдеуде белгілі зерттеушілердің әдеби және патенттік жарияланымдар негізінде алынған теориялық және эксперименттік нәтижелерді аргументті нақты ғылыми дискуссиямен, жүргізілген эксперименттік әдістердің негізінде баға беру.
Химиялық инженерия саласындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторларын) жоғары оқу орындарына, зерттеу ұйымдарына және байланысты салаларға даярлау, олар: - диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру үшін химиялық инженерияның ең жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен концепцияларын жүйелендіріп, осы білімді әрі қарай қолдануға; - өзекті ғылыми міндетті таңдау негізінде ғылыми зерттеуді өз бетінше жоспарлап, жүргізуге, сондай-ақ алынған деректерді талдауға және түсіндіруге; - өз ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми пікірталастарда және жарияланымдарда негіздеп ұсына алуға; - химиялық инженерияның өзекті міндеттерін шешу үшін зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және басқаруға; - белгілі бір қасиеттері бар заттар мен материалдарды алу және өңдеудің жаңа экономикалық тиімді технологиялары мен схемаларын әзірлеуге; - жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық бағыттағы оқу курстарын әзірлеп, іске асыруға; - химия өнеркәсібі материалдарын өндіру және өңдеу бойынша өндірістік қызметтер мен кәсіпорындарды басқаруға қабілетті.
ББ мақсаты: Технологиялық стандарттарды ескере отырып ғылыми зерттеулер жүргізуге, энергиямен қаныққан материалдарды шығаруға өндірістік міндеттерді тұжырымдауға және оларды технологиялық цикл арқылы шешуге қабілетті, энергияны көп қажет ететін материалдар саласында жеткілікті құзыреті бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, сондай-ақ: - пайымдау негізгі теориялық принциптері энергиямен жасақталған түзуде энергияны көп қажет ететін материалдардың және есеп айырысу жай-күйі параметрлерінің жарылыс, жану және детонация; - диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру кезінде осы білімді одан әрі қолдану мақсатында соққы толқынының физикалық мәні, энергияны көп қажет ететін материалдардың бризантты, кумулятивті және жоғары жарылғыш әсері туралы ғылыми теорияларды жүйелеу; - жарылғыш заттардың, мылтықтардың, қатты зымыран отындары мен пиротехникалық құрамдардың түрлері бойынша дербес ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды зымырандарды, оқ-дәрілерді және пиротехникалық құралдарды жабдықтау үшін қолдану, - жарылғыш заттарды, мылтықтарды, зымыран отындарын және пиротехникалық құрамдарды дайындаудың технологиялық процестерін зерттеудің маңыздылығын әскери өнеркәсіп кешенінің, зымыран ғылымының және пиротехникалық бұйымдар шығарудың перспективалық бағыттарын дамытуға арналған проекциямен анықтау.
салалар үшін бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (философия докторларын) келесі қабілеттермен даярлау: - бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының өзекті мәселелерін шешу үшін зерттеу жұмысын ұйымдастыру және басқару; - берілген қасиеттері бар бейорганикалық заттар мен материалдарды алудың және өңдеудің жаңа экономикалық тиімді технологиялары мен сызбаларын әзірлеу; -жоғары білім беру ұйымдарында химия-технологиялық бағыт бойынша білім беретін оқу курстарын әзірлеу және іске асыру; - минералды шикізатты алу және өңдеу бойынша кәсіпорындардағы өндірістік процестерді басқару.
Біліктілігі жоғары PhD докторларын дайындау, органикалық заттардың химиялық технологиясы облысы бойынша жаңа жетістіктерді білікті бағалауға қабілетті, жаңа білім мен технология жасау үшін жеке зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті; функционалды қасиеті кең органикалық заттар мен материалдар өндірісіне ғылым қажетсінетін химиялық технологияны енгізу.
Берілген құрамы, құрылымы, қасиеттері бар қауіпсіз наноматериалдарды жасау және оларды жүзеге асыру үшін нанотехнологияның соңғы бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіруге және қолдануға, озық зерттеу әдістерін меңгеруге, экономиканың дамуына және қазіргі қоғамның қалыптасуына ықпал ететін іргелі және қолданбалы мәселелерді шешу арқылы нанотехнологиялар мен наноғылымдардың дамуына үлес қосуға дайын нанотехнология саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау
Білім беру бағдарламалары
Құрметті мектеп бітіруші жас түлек! Жақында Сіз өміріңіздегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдайсыз, яғни өз қалаған мамандығыңыз бойынша білім алатын оқу орны мен факультетті таңдайсыз. Бұл – өте жауапты іс, өйткені мамандықты дұрыс таңдау – Сіздің одан әрі жалғасатын өмір жолыңыздың бағытын айқындайды. Егер Сіз ертеңгі күнге сенімді болғыңыз келсе, егер Сіз еңбек нарығында сұранысқа ие маман болғыңыз келсе, егер Сіз көп қырлы белсенді студенттік өмір туралы армандайтын бол- саңыз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетіне оқуға түсіңіз.
Біздің есігіміз сіздер үшін әрқашан ашық!